- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "11 жастан бастап...
"11 жастан бастап марихуана қолдандым": 19 жастағы нашақор қандай жолдан өткенін айтып берді
Қазір Қазақстанда нашақорлық бойынша есепте 18 мың адам тұр. Оның 1912-сі - павлодарлықтар. Бұл туралы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында айтылды. Мамандар оңалту орталықтарына жас науқастар келіп жатқанын айтты. Өйткені интернет тыйым салынған заттарды сатып алуды қолжетімді ете түскен. Ал мамандар нашақорлардың кем дегенде үштен бірі қайтып келетінін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталыққа қайтып келгендердің бірі - Глеб, ол небәрі 19 жаста, бірақ бұл - оның алтыншы оңалтуы. Телеарна мәліметінше, 11 жасында ол достарымен марихуанадан бастаған. Содан кейін синтетиканы сынап көріп, әрі қарай тоқтамаған. Ата-анасымен қарым-қатынасы нашарлаған. Ол бұған дейінгі емдеу курстарында оның басты мақсаты ауруханадан тезірек шығып, қайта тұтыну болғанын айтады. Енді ол біржола тоқтататынына сендірді.
"Мен ол кезде бала едім. Мен үшін бұл сезімдеріммен, эмоциялармен күресудің құралы болды. Бұл ересек компанияға кіру құралы болды. Ата-анамды мүлде тыңдамадым. Олар мен үшін жау деп ойладым. Мен нашақормын", - дейді Глеб.
Өңірде кейінгі кезде есірткіге қатысы барлар көп ұсталған.
"Үш айдың ішінде 25 адам ұстадық, олардың ішінде 18-22 жастағы алты адам ұсталды. Тыйым салынған заттардың таралуына байланысты 15 қылмыс анықталды. Оның 90 пайызы - есірткі сату дерегі", - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Темірғалиева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова