- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 11 жастағы астаналық...
11 жастағы астаналық вокзалдың бес миллионыншы жолаушысы атанды
Астана вокзалында бес миллионыншы жолаушы келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Нұрлы жол" теміржол вокзалында биыл жыл басынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен жолға шыққан бес миллионыншы жолаушыны құттықтау рәсімі өтті. Бұл мерейтойлық билеттің иесі 11 жастағы Айлина Ерғали үшін күтпеген тосынсый болған. Қыз бала анасы Қарлығаш Ерғалиевамен бірге Алматыдан Астанаға №3/4 пойызымен келген болатын.
Ұлттық тасымалдаушының өкілдері бес миллионшы жолаушыға жұмсақ ойыншық, iPad гаджеті, сымсыз құлаққап пен анасына гүл шоқтарын табыс етті.
"Бұл біз үшін күтпеген тосынсый болды. Перронда бізді көптеген адамдар қарсы алғанын көргенде, мен қобалжыған болатынмын. Бірақ осындай керемет сыйлықтар аламын деп ойламаппын. Біздің отбасымыз пойызбен саяхаттауды жақсы көреді, ал бұл сапарды мен өмір бойы есте сақтаймын. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін," - дейді Айлина Ерғали.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина