106 миллион теңгеден аса қаржы жымқырды деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Алаяқтық жасаған күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматын экстрадициялаған.

"2021-2022 жылдары күдікті шетелден көлік сатып алу және жеткізіп беру деген сылтаумен үш жәбірленушіні алдап, олардың 106 млн теңгеден аса қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - деп жазылған хабарламада.

Ол наурызда Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен елге экстрадицияланған. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!