106 адамды эвакуациялап, құтқарған өртсөндірушілердің суреттері пайда болды

Бурабай кентіндегі "Алматы" қонақүйінен шыққан өрттен 106 адамды эвакуациялап, құтқарған өртсөндірушілердің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД өртсөндірушілері Бурабай кентіндегі "Алматы" қонақүйінде өртті сөндіргеннен кейін.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Бұл өртте 6 адам құтқарылып, 100-ден астам адам эвакуацияланған.


Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Өрт туралы хабарлама 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентінен келіп түсті.


Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты "Алматы" қонақүйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.


Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Ақмола облысы ТЖД Өртсөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралармен өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00 сөндірілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!