100 млнға түсірген фильмі миллиард жинаған Дариға Бадықова оны кімге арнағанын айтты

100 млнға түсірген фильмі миллиард жинаған Дариға Бадықова оны кімге арнағанын айтты
Фото: Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Белгілі актриса, продюсер әрі әнші Дариға Бадықова танымал туындысын әкесіне арнапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Таптым-ау сені" фильмін былтыр продюсер 108 млн теңгеге түсірген, ал туындының табысы миллиард теңгеге жуық болған.

Өнердегі жолын актрисалықтан бастаған Дариға Бадықова продюсерлікке кірісіп, тіпті саундтрегін өзі орындап, әнші атанған еді. Жақында осы туындының екінші бөлімі жарыққа шығатынын да сүйіншіледі. 

"Мен "Таптым-ау сені" фильмін іштей ниет етіп, әкемнің, ұстазымның рухына арнағанмын. Себебі кіммен шыққаным, кімнен өнерден көп дүние үйренгенім белгілі. Әкем мен ұстазымның жатқан жерлері жайлы болсын. Рухтары көкте шалқысын! "Таптым-ау сені 2" де осы кісілердің рухына арналады!", - деді ол.

Айта кетейік, актрисаның әкесі 2017 жылы қайтыс болған. Ал актрисаның ұстазы - Болат Атабаев 2021 жылы дертке шалдығып, өмірден өткен болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева