Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында азаматқа Кипрден пәтер сатып алуға көмектесетінін айтып, оның сеніміне кірген. Осылайша ол бірнеше ақшалай аударым арқылы жәбірленушінің 100 миллион теңгеден аса қаражатын алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.
Бас прокуратура мәліметінше, ол 2026 жылғы маусымда Грузия аумағында ұсталған. Кейін елге жеткізілді.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!