- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "100 миллионнан аса...
"100 миллионнан аса ақша кетті". Сырымбек Тау партияға қатысты сұрақтарға жауап берді
Кәсіпкер Сырымбек Тау Respublica партиясына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Динамен дұрыс" бағдарламасында бөлісті.
"Respublica партиясына 100 миллионнан аса ақша кетті. Басты төраға ақшаға қарай таңдалған жоқ. Айдарбек Ходжаназаров екеуміз Астанада кездестік. 2022 жылы Президент кәсіпкерлерді қабылдағанда мен бармын. Сол кезде таныстық. Айдарбек Ходжаназаров сол кезде Президентке сауалын қойды. Мен Президент алдында сөйлемедім, бірақ ішімде бір ыза болды. Көп кәсіпкер миллиардер бола тұра "жылады", анау өнбей жатыр, мынау өнбей жатыр деп. Біз қалай елге көмектесетінімізді айтамыз деп ойладым. Шыққан соң Бейбіт Әлібеков пен Айдарбекпен кездестік. Айдарбек партия құру идеясын сол кезде ұсыныды. Мен Руслан Берденовті, Қуаныш Шонбайды ұсындым. Өйткені ол жігіттермен жақсы араласамын. Айдарбек Динара Шүкіжанованы ұсынды. Марғұлан Сейсембаймен қатты араласпаймын", - дейді ол.
Оның айтуынша, ол басты төраға болуға ниеттенбейді. Бірақ ол әйелдің басшы болғанына қарсы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек