- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "100 миллион кетті"....
"100 миллион кетті". Жанболат Найзабеков су жаңа фильм таспалады
Актер Жанболат Найзабеков көптен күткен арманын орындағанын айтты. Ол елде болмаған жанрда кино түсіргенін жеткізді. Бұл туралы актер "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков кино түсірген. Бұл фильмде Жанболат өзі актер әрі продюсер.
"Академияда оқып жүрген кезде негізгі мақсат киноға түсу еді. Артынша, кино түсіру болды. Студент кезінде әртүрлі киноларға түсіп, әртіс болу еді. Өзім негізі ерекше жанрда кино түсіргім келген. Бұл кино сценарийін жалпы құрылымын ұзақ ойланып бекіттік. Комедия, драма қосылған ромком болды", - дейді Жанболат Найзабеков.
Халыққа көңілді образда танылған актердің бұл кинода жаңа бір қыры ашылмақ. Ол осы фильмде өзгеше кейіпкерді сомдайтынын айтты.
"Кино шыққан соң өздеріңіз көресіздер. Бірақ менің кейіпкерім ол жетімдер үйінен шыққан, сотталған баланың образы. Бұл жерде халықты күлдіртемін деп күлдіртпейді жәй ғана іс-қимылмен күлдіреді. Қожанасыр образы да бар, күлдіріп жылататын жанрдағы кино" , - дейді ол.
Жанболаттың айтуынша, кино түсіруден рекорд қойыпты. Бұл фильмді таспалауға небәрі 19 күн кетіпті.
"Бұл фильмді 19 күннің ішінде түсіріп тастадық, еліміздегі ең қысқа мерзімде түсірілген кино болды. Жалпы фильмге бас-аяғы 100 миллионнан аса қаражат кетті. Жанашыр ағаларымыз қолдау білдірді. Жәке, түсірсең түсір деп қолдау білдірді" , - дейді актер.
Су жаңа фильм қалың көпшілікке күзде жол тартады. Актер жабық көрсетілім бірінші Астана сосын Алматы қаласында өтетінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы