100 жасқа дейін өмір сүруге көмектесетін адамның 7 қасиеті

Кейбір ішкі қасиеттер арқылы кез келген адам денсаулығын ғана емес, жалпы өмірін де бірнеше есеге жақсарта алады. Адам өмірінің ұзақтығы тек физикалық саулықтан емес, сондай-ақ өмірлік, рухани энергияға да байланысты. Ендеше, қандай психологиялық қасиеттер адамға ұзағырақ өмір сүруге көмектеседі?

Алғыс айта білу

Өмірде алғыс білдіру өте маңызды. Әсіресе, сізді осы өмірге әкелген ата-анаңызға алғыс айтыңыз. Тіпті, олармен қарым-қатынасыңыз нашар болса да, жүрегіңізде мейірімділік пен алғысты сақтаңыз. Өміріңіздегі әр сәтке ризашылық білдіріңіз. Өмір жолыңызда кездескен әр адамға алғыс айтыңыз. Тіпті, сәтсіз күндер мен қателіктер сізге тәжірибе бергенін біліңіз. Алғыс білдіруді әдетке айналдыру үшін "алғыс күнделігін" бастасаңыз болады. Мысалы, күнде кешке күнделігіңізге күні бойына болған нәрселердің ішінен алғыс айтатын 5 нәрсені жазыңыз. 

Махаббатқа сену

Жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың сізге махаббатпен берген нәрселерінің бәрін қабылдаңыз. Егер ұялсаңыз, қорықсаңыз немесе қалай қабылдау керегін білмесеңіз, үйреніңіз. Өмір тұрақты алмасудан тұрады: біз бірдеңе береміз және аламыз. Біз жақсымен де, жаманмен де алмасамыз. Біз позитивке жан-дүниемізді ашамыз, ал эмоциялық тұрғыда ауыр нәрсені ұсынса немесе оны алуға мәжбүрлесе, жабылып қаламыз. Өмірімізде сондай ауыр жағдайлар болғанда қабылдай алу қабілетімізді бұғаттап тастап, ауыр нәрсе өтіп кетсе де жүрегімізді ашуға қорқып қаламыз. Алайда айналадағылардан позитивті эмоцияларды алу қабілеті біздің эмоциялық қорымызды толтырады, бұл бізге ұзағырақ өмір сүруге көмектеседі.

Сабырлы болу

Күшіңізді ұсақ-түйектерге жұмсамаңыз. Әр нәрсеге күйгелектене беру, шыдамдылық таныта алмау ешқандай жақсылық сыйламайды. Сіз күйгелектенгеннен немесе ашуланғаннан жағдай өзгеріп кете қоймайды, бұл денсаулығыңызға кері әсер етеді және басқалармен қарым-қатынасыңызды бұзады. Ал сабырлық сақтау өмірлік күшіңізді сақтауға, қажет емес негативтен және токсик адамдардан қорғануға көмектеседі.

Жанжалдардан алшақ болу

Кез келген жанжал энергия шығынына әкеледі. Қаншалықты көп жанжалдассаңыз, өмірлік энергияңыз соншалықты көп кетеді. Тіпті, сіз жеңсеңіз де, қандай да бір уақыт өткен соң жеңілген адамның алдында кінә сезімі пайда болады. Ал кінә сезімі денсаулығыңызға жағымсыз әсер етеді.

Оптимизм

Кез келген жағымсыз эмоцияны (қорқыныш, мазасыздық, агрессия, кінә) қуаныш пен махаббатқа түрлендіруге болады. Оған оптимизм көмектеседі. Адамдар мен әлемге қуана біліңіз. Бізді қоршаған әлем ғажап. Бастысы, оған оптимизммен қарау керек. Қуаныш адам өмірін ұзартады және оны жағымды етеді.

Әзілдесу және әзілді түсіну

Көп нәрсеге әзілмен қараңыз. Бұл өмірде бәрі – жақсы да, жаман да нәрсе өткінші екенін ұмытпаңыз. Біздің есімізде тек естеліктер ғана қалады, ал олардың қандай "түске боялуы" тек бізге байланысты. Әзіл-сықақ сезімі айналада болып жатырған жағдайды жеңілдетуге, оны жүрекке жақын қабылдамауға көмектеседі.

Белсенді болу
Өмір – қозғалыс, қозғалыс тоқтаған кезде өмір де аяқталады. Бұл тек физикалық емес, ақыл-ой мен жан қозғалысына да қатысты. Көбірек қозғалуға тырысыңыз. Жан-тәніңіз қозғалыста болу үшін ғашық болыңыз. Жаңа нәрсе үйреніңіз, ақыл-ойыңызды байытыңыз. Жаңа әсерлер мен эмоциялар алу үшін саяхаттаңыз. Физикалық тұрғыда да белсенді болуға тырысыңыз.

Оқи отырыңыз: Өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатыны анықталды