137 қазақстандық ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін грантынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде видеоларды қарау нәтижесі бойынша 153 тестілеушінің ҰБТ нәтижесі жойылды, оның ішінде 137-сі білім грантының иегерлері. Қазірдің өзінде тиісті шаралар қолданылып, олардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды", - деді Емелбаев.
Оның айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр, тиісті мемлекеттік органдарға әрі қарай жұмыс істеу үшін хаттар жолданып жатыр.
"Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзған 322 адам аудиториядан шығарылды", - деп бөлісті ҰТО директоры.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!