Жетісу облысында ірі мөлшерде заңсыз ет тиелген жолаушылар автобусы тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақаншы - Алматы бағытындағы тасжолда жолаушылар автобусы тоқтатылған. Көлік Абай облысынан жолға шыққан.
"Көліктің жүк бөлігін тексеру барысында 100 ұсақ және 2 ірі қара малдың еті табылды. Жүргізуші етті Алматы қаласындағы базарлардың біріне жеткізіп беру үшін алғанын айтты. Бұл дерек бойынша материал ветеринариялық инспекцияға жолданды", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!