Кейінгі 3 жылда қанша ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды? Олардың ішінде есірткіге қатысы және бопсалау бабы бойынша іс қозғалғаны қанша? Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігіне арнайы сауал жолдады.
Ведомство мәліметінше, ІІМ жүйесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімше 2022 жылғы шілдеде құрылған.
Бұл күннен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы негізінде ҰҚТ құру және оған қатысу деректері бойынша 100-ден аса қылмыстық іс анықталып, тіркелген:
Биыл ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері:
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың есепке алынуы туралы ақпарат берген жоқ. Ведомство мәліметінше, бұл - заңнамаға сәйкес шектеулі дербес дерек.
"Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызметтік мақсаттарда пайдаланылатын ведомстволық және жедел есепке алуды дербес түрде жүргізеді. Осыған байланысты ведомстволық және жедел есепке алу туралы ақпарат - "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес дерек. Сондықтан ІІМ есебіндегі ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы және өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды", - делінген жауапта.
Еске салайық, бұған дейін ОПГ немесе ұйымдасқан қылмыстық топ туралы құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Арман Жусанбаймен сұхбаттасқан едік.
"Қылмыстық топтардың 90-жылдардағы және қазіргі әрекеттерін салыстыруға келмейді. Кешегі болған оқиғаны 90-жылдардан бетер деп бағалар едім. 30 жыл бұрын мұндай болған жоқ, болса да сирек болды. Сол деңгейдегі қылмыс халықтың үрейін ұшырды. Мұндай жағдай қайталанбау үшін кешенді жұмыс жүргізілуі керек. Қылмыстың жойылмай отырғаны - құқық қорғау органдарының әлсіздігі және құзырлы органдардың өзара байланыспауы. Оған қоса, "халық жасақшылары" деген жоқ қазір, халық пен полиция арасында көпір жоқ. Сол себептен бұл әзір жойылмайды", - деді Арман Жусанбай.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!