100 аспаз жиналған: Өзбекстанда ең үлкен дөнер дайындалды

100 аспаз жиналған: Өзбекстанда ең үлкен дөнер дайындалды
Фото: podrobno.uz

Өзбекстанда Наманган қаласында Наурыз мерекесіне орай ұзындығы 80 метрлік дөнер дайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz басылымына сілтеме жасап. 

Оны дайындау үшін облыстың түкпір-түкпірінен 100 аспаз жиналған. Тағамға 80 келі ет, 40 келі қызанақ пен қияр, 15 келі қуырылған картоп, 20 литр тұздық және басқа да өнімдер пайдаланылған.

 

Дайын дөнердің шамамен салмағы 160 келі болған.

Айта кетейік, бұған дейін ең ұзын дөнер Ташкентте дайындалған, оның ұзындығы 31,5 метр болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова