Алматының бірнеше шағынауданының тұрғындары жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты бір күн сусыз қалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы Су" ақпаратына сүйенсек, сумен жабдықтау нысандарындағы технологиялық жабдықтарды ауыстыруға байланысты 10 шілде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін суды өшіру жоспарланып отыр.
Тұрғын үйлерде, әкімшілік ғимараттарда, Саин көшесі - әл-Фараби даңғылы - Үлкен Алматы өзені - Рысқұлбеков көшесі аумағындағы денсаулық сақтау және білім беру нысандарында да суық су болмайды:
Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!