- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "10 секундтық сахна...
"10 секундтық сахна үшін 800 мың төледік". "Миллион" командасы киноға түскен ең қымбат актерді атады
Әлеуметтік желіде сериал түсіріп танымал болған "Миллион" командасы жақында көрерменге көрсетілетін "Жездуха" фильміне түскен ең қымбат актерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабарlike" бағдарламасына сілтеме жасап.
Команда фильмге қанша қаражат жұмсағандарын да атап өтті.
"Енді ғана үлкен экранға жол тартты ғой, бастамасы жаман емес секілді. Шымкенттіктерге ұнады деп естіп жатырмыз. Өнер ордасы Алматы мен Астана қалай қарсы алады екен?! Толықметрлі фильм түсіру идеясын көрерменнің өзі ұсынды. 170 миллион теңгеге түсірдік. 70 миллионды қарызға алдық. Бизнесте жүрген ағаларымыз демеуші болды", – деді команда мүшесі Қанат Тасхан.
Сонымен қатар, фильмге түскен гонарары ең қымбат актерларды айтты.
"10 секундтық сахна үшін Тұңғышбай Жаманқұловқа 800 мың теңге бердік. Түсірілім бас-аяғы 30 минутқа созылды. Ол фильмде 10 секундтық көрініс болды. Қанша жылдан бері өнерде жүрген адам болғасын, қанша теңге айтса да, беруге дайын болдық. Ең қызығы, сол ағамыздың айтқан әзілінде халық қатты күлді. Фильмге ат салысқан барлық әртісті ренжітпеуге тырыстық. Салтанат Серкебаеваға 1 миллион 800 мың теңге төледік. Нышанбек ағамыз 2 миллион теңгеден жоғары алды. Өйткені ол кісінің түсірілім алаңындағы күні көп болды", – деді жоба авторлары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы