- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "10 рет көрген...
"10 рет көрген шығармын". Желіде оқу-ағарту министрін досы секілді құшақтап алып, жұртты күлдірген баланың видеосы тарады
Әлеуметтік желіде марапаттау рәсімінде оқу-ағарту министрін досы секілді құшақтап алып, жұртты ду күлдірген баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодағы оқушы IQanat олимпиадасына қатысқан. Бұл бәйгеге 40 мың оқушы қатысқан. Ал 824 бала ақтық кезеңге жолдама алған. Кейін 110 оқушы білім бәйгесінің жеңімпазы атанды. Олар Бурабайдағы IQanat мектебінде тегін білім алады. Кадрларда осы байқауда жеңіске жеткен оқушылардың бірінің қуанышты сәті көрінеді. Ал марапатты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстаған.
"Оқу-ағарту министрін досындай құшақтаған оқушы көпшілікті риза қылды. IQanat - ауыл балаларына арналған жоба, республикадан жеңімпаз атанғандар Айқанат мектебінде тегін білім алады", - делінген shyndykz Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Өте керемет сезімдемін. Осы уақытқа шейін күтіп отырмын. Рақмет сіздерге", - дейді видеодағы оқушы.
Желі қолданушылары арасынан видеодағы бала Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті №10 "Қайнар" мектеп-гимназиясының шәкірті екенін айтқандар табылған.
"Министр де адам ғой, осындай қарым-қатынаста болу керек", "Шынайы қуаныш, көптен күткен жеңіс жарайсың", "Министр түр бермей тұрғаны, күлу - сүннет, қуана білу керек біреудің қуанышына", "10 рет көрген шығармын", "Не деген эмоция", - деген әлеуметтік желідегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова