Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде еліміздің 27 пайызын қар басқан.
"Ең үлкен су тасқыны Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктерідегі өзендерде болып жатыр. Бірақ су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталады. Шығыс Қазақстан (Ертіс, Бұқтарама, Үлбі, Оба), Абай (Ертіс, Шар, Аягөз, Көкпекті), Қарағанды (Нұра, Шерубайнұр, соқыр, Кеңгір, тоқырау), Ұлытау (Шерубайнұра, Соқыр, Кеңгір, Тоқырау), Ақмола (Есіл, Қалқутан, Жабай, Селеті), Солтүстік Қазақстан облыстары (Есіл, Қалқутан, Жабай, Сергеевское суқоймасы) және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгілерден асуы байқалады", - деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.
Ол Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталатынын жеткізді.
"Биыл 1-10 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады деген болжам бар. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын, ал елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп болады.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында республиканың басым бөлігінде түнгі уақытта жаңбыр түріндегі жауын-шашын қарға ауысып, күндіз жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр болады. Қатты жауын-шашын республиканың шығысында (Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы) 3 және 10 сәуірде, орталықта және оңтүстік-шығыста (Ұлытау облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы) 8-9 сәуірде, Түркістан, Алматы облыстарында және Жетісу облысында 9 сәуірде болады. Жауын-шашынның тоқтауы елдің батысында бірінші онкүндіктің басында, республиканың көп бөлігінде онкүндіктің ортасында болады.
Онкүндіктің басында солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында ауа температурасының төмендеуі түнде 2-7 градус аязды, күндіз 3-8 градус жылуды көрсетеді. 4 сәуірден бастап біртіндеп түнде 0-5 градус жылуға дейін, күндіз 12-20 градусқа дейін жоғарылайды, ең жылы температура 5-7 сәуірде болады және онкүндіктің соңында температура төмендейді", - деді министр.
Росгидрометтің мәліметі бойынша, Ресей аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты Жайық өзенінде мұздың бұзылып, судың деңгейі көтеріледі.
"Осыған байланысты сәуірдің екінші жартысында Орал өзенінің бассейнінде (БҚО, Атырау) жыл сайынғы су тасқыны болады деген болжам бар. Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда Қазгидромет су тасқыны қаупі туралы дауылды алдын ала ескертумен хабардар етуді жалғастырады", - деді Ерлан Нысанбаев.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!