- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 10 мың теңгеге...
10 мың теңгеге есірткі сатқан астаналық сотталды
10 мың теңгеге есірткі сатқан астаналық сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша (ҚК 297-бабының 1-бөлігі) С.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сотталушы есірткі заттарын заңсыз өткізу мақсатында сатып алушыға салмағы 3,90 грамм болатын гашиш есірткі затын 10 мың теңгеге сатқан. Сотталушының есірткі заттарын өткізудегі кінәсі куәнің айғақтарымен (шартты сатып алушы), жасырын тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен, алу хаттамаларымен, шартты сатып алуға ақша қаражатын аударғандығы туралы түбіртек және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.
Прокурор 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындамай, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.
ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінің санкциясымен мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының жас баласының болуын жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Жасалған қылмыстың ауырлығын, жеңілдететін мән-жайдың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігін қолдану арқылы, сотталушы С.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина