Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды , – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық ПД ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 миллион теңге ұсынған.
"Қылмыстың себебі – 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты. Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!