"10 миллион теңге". Танымал қазақстандық трансгендер табысы туралы айтты

"10 миллион теңге". Танымал қазақстандық трансгендер табысы туралы айтты
Фото: instagram.com/niko_nett

Niko Nett лақапатымен танымал қазақстандық трансгендер Общуха Youtube-арнасына берген сұхбатында бір айлық табысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Трансгендер арнайы Telegram-арнада ойындарды жарнамалайтынын айтты. Оның айтуынша, ол жарнамаламас бұрын бәрін егжей-тегжей тексереді. 

"Біріншіден, оның өтірік екеніне сенбеймін. Себебі өзім тексердім. Бұл - екіжақты жағдай. Менің ерекшелігіме байланысты ешқандай жарнама агенттері, киім дүкендері менімен жұмыс істегісі келмейді. Қазақтарда менталитет бойынша, әйелге арналған нәрсені трансгендер жарнамалай алмайды. Мен де басқалары сияқты молшылықта тұрғым келеді. Өмір бойы эфирлерде қайыршы сияқты ақша сұрап отырғым келмейді. Немесе эскортқа барғым келмейді, ал қарапайым жұмысқа трансгендерді алмайды. Жалпы, қазір менің бір айлық табысым 10 миллион теңгеден асады", - деді ол.

Айта кетейік, Niko Nett - трансгендер екенін жариялаған қазақстандықтардың бірі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек