- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 10 миллиард еуро:...
10 миллиард еуро: Әлемге танымал бренд мұрагері бар мүлкін бағбанына қалдырмақ
Hermès мұрагері бар байлығын бағбанына қалдырмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Байлығы 9-10 миллиард швейцариялық франкке бағаланған Николя Пуэш мүлкінің бір бөлігін бұрынғы бағбанына бермекші. Бұған дейін баласы жоқ бойдақ-миллиардер жалған ақпаратпен күресетін қормен мұрагерлік келісімге қол қойған.
Hermes француз сән үйінің негізгі акционері, 80 жастағы Николас Пуэ өзінің бұрынғы бағбанын асырап алып, оған миллиардтаған байлығын мұра етік қалдырмақшы.
Tribune de Genève газетінің мәліметінше, теріден бұйымдар жасайтын бренд акцияларының 5-6 пайызына иелік ететін Пуэш байлығының бір бөлігін қарапайым мароккалық отбасыдан шыққан, бұрынғы бағбан әрі қара жұмысшы 51 жастағы азаматқа бергісі келеді.
Жыл сайын Швейцариядағы 300 бай адамның рейтингін жасайтын Bilan журналының дерегінше, оның байлығы 9-10 миллиард швейцар франкі (9,4-10,4 миллиард еуро) деп бағаланған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек