Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау "Ұрпақ" подкастында балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәсіпкер мінезді шығаратын жерде шығарған дұрыс дейді.
"Бір күні теледидар көріп отырсам, әкем "балам, су алып келші" деді. Ол кезде суды құдықтан әкелеміз. Үйде екеуміз ғана қалыппыз. Естімегендей отыра бердім. Кино қарап отырмын. Тағы бір рет айтты. Естіп отырмын, бірақ жалқаулық жібермей отыр. "Саған айтып жатырмын" деп үшінші рет айтты. Бір кезде 10 литрлік шелек басыма тиді. Басымнан қан ағып жатыр. Шелекті алдым да, құдыққа қарай жүгірдім. Суды алып келсем, "басың жарылып қалыпты" ғой деген жоқ. Қабағын түйіп қарады да, "суға қан тамып кеткен жоқ па" деді. Суға қарадым да, "жоқ" дедім. Ол "бар басыңды жуып кел" деді. Менің ойымша, мінезді шығаратын жерде шығару керек. Алихан Бөкейханов айтқандай, ұлтқа білімнен емес, мінезден. Мінезді шығаратын жерде шығарған дұрыс. Әкемізде ондай да бар еді. Балалық кезден мұндай естеліктер көп", - деді кәсіпкер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз