Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғын жоғалып кеткен еді.
10 күннен соң жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6 наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды.
Бұл жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған мұғалімді іздеу үшін Арыс өзенінің деңгейі төмендетілгені хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!