- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 10 күн бұрын...
10 күн бұрын үйден шығып кеткен: Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті
Фото:
Lider.kz
Ақтауда 6 сәуірде жігіт жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
"Приморский" тұрғыны Кәрім Свамбаев 6 сәуірде сағат 17:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр аяқкиім киген.
Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.
Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адамды іздеп жатыр.
"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізіліп тұрады", - деді Lider.kz еріктілері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек