Павлодарда жасөспірімдер үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісінің зорлануына қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға былтыр жазда болды. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдалым өтті. "Сот кабинеті" мәліметінше, негізгі сот талқылауы 29 наурызға белгіленген.
"Заңға сәйкес қылмыстық істің бұл түрі жабық режимде қаралып жатыр", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.
Бұл іс бойынша үш күдікті бар.
"Қылмыстық істі облыстың Полиция департаменті басқармасы Тергеу департаменті тексерді, көптеген сараптамадан кейін үш күдіктінің кінәсі толы дәлелденді", - деді "Не молчи" қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі Instagram-парақшасында.
Оның айтуынша, айыпталушылардың әрқайсының екі адвокаты, қорғаушы ретінде ата-аналары мен жақын туыстары бар.
"Бір жәбірленушіге қарсы сотталушылар тарапынан 15 адам болды. Жәбірленушінің екі адвокаты бар", - деді ол.
Ол жәбірленуші әлі де ауруханада екенін, қайта жүріп үйренуі қажет екенін айтты. Оған әпкесі Даша қарап жатыр екен.
Айта кетейік, 16 жастағы қыз былтыр жазда үш жігіт тарапынан топтық зорлық-зомбылыққа ұшырағаннан кейін терезеден секірген болатын. Қызда зорлағандардың бірі әпкесінің сыныптасы екен. Олар қызды пәтерге алдап апарып, зорлаған болып шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!