10 жылдық мерейтой: Жұлдыз FM мерекелік ұтысты жалғастыруда

Қазақстандықтардың сүйікті Жұлдыз FM радиосында керемет сыйлықтар ұтысы жалғасуда. Биыл радиостанция өзінің 10 жылдық мерейтойында тыңдармандарын қуантпақ, сондықтан жыл соңына дейін әр айдың оны күні тікелей эфирде әуе билеттері ойнатылады. Ал желтоқсан айында мерейтой автокөлік ұтысымен қорытындыланады.

Еске салсақ, ұтысқа қатысушыларды іріктеу Жұлдыз FM тікелей эфирінде 12 тамызда басталған болатын. 10 қыркүйекте алғашқы сыйлық – Бейжіңге бару-қайту билетін ұтып алған жеңімпаз анықталды. «Таңғы шоу» бағдарламасына арнайы шақырылған атақты әнші Серік Ибрагимов тікелей эфирде лототроннан 12-нөмірлі шарды алып шықты. Осылайша, ұтысқа 12-ші болып тіркелген ақтөбелік тыңдарман Ринат Төлепбергенұлы 10 жылдықтың алғашқы жеңімпазы атанды.

Ал алдағы ұтыстарға қатысушыларды іріктеу жалғасып жатыр, келесі ұтыс 10 қазан күні тікелей эфирде өткізіледі. Ұтыс шарты оп-оңай: жұмыс күндері сағат 8:30-9:00, 13:00-13:30, 18:00-18:30 аралығында эфирде үш құпия сөз айтылады. Тыңдармандар эфирді үзбей тыңдап, үшінші құпия сөз айтылған кезде 8 (771) 990-78-28 WhatsApp-нөміріне үш құпия сөзді бір хатпен жазып жіберуі қажет. Құпия сөздерді дұрыс, әрі оныншы болып жолдаған тыңдарманға «Таңғы шоу» бағдарламасының жүргізушілері тікелей эфирде хабарласып, қатысушы нөмірін береді. Яғни ұтысқа құпия сөздерді WhatsApp-қа оныншы болып жолдаған тыңдарман өтіп отырады. Айта кетсек, 12 тамыздан бастап қатысушы нөмірін алған тыңдармандар барлық сыйлықтардың ұтысына қатысады. 10 қазанда Ыстамбұлға, 10 қараша күні – Пхукетке бару-қайту билетінің иегерлері белгілі болады. Ал 10 желтоқсанда Жұлдыз FM радиосының 10 жылдық мерейтойының бас жүлдесі – автокөлік ұтып алған жеңімпаз анықталады.

Жұлдыз FM радиосы – еліміздің барлық ірі қалалары мен облыс орталықтарында 2014 жылғы қараша айынан бері хабар таратады. Бүгінде республиканың бүкіл өңірінде радионың тұрақты, әрі адал тыңдармандары бар. 10 жыл бұрын радионың тікелей эфирі небәрі үш жүргізушімен ашылса, бүгінде Жұлдыз FM ұжымында 20-дан аса адам еңбек етіп жүр, олардың арасында тыңдармандарға әдемі көңіл күй сыйлайтын ойын-сауық бағдарламаларының бес жүргізушісі мен сағат сайын еліміздегі ең елеулі жаңалықтарды жеткізіп отыратын екі жүргізуші бар. 

Қазақстандықтар Жұлдыз FM радиосын көңілді, әрі танымдық бағдарламалары, өзекті жаңалықтары мен эфирдегі әдемі әндері үшін жақсы көреді. Әр жұмыс күні таңғы сағат 7:00 мен 10:00 аралығында «Таңғы шоу» бағдарламасы тыңдармандардың ұйқысын ашып, көңілдерін көтеріп, жұмыс күніне шабыт сыйлайды. «Таңғы шоу» бағдарламасын радио арқылы тыңдап қана қоймай,  Instagram мен TikTok әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде тамашалауға да болады.

Сағат 17:00-19:00 аралығында тыңдармандарға танымдық ақпарат ұсынып, жаңадан шыққан әндердің тұсаукесерін жасайтын «Кешкі Life» ойын-сауық бағдарламасы эфирге шығады. Туған күн иелерін құттықтап, сағынышты сәлемдеріңізді жолдаймын десеңіздер, «Сәлем саған, туған ел!» бағдарламасына хабарласуға болады. Әр жұмыс күні сағат 13:00-14:00 және 19:00-20:00 аралығында радио жүргізушілері жақындарыңызға жақсы тілектеріңізді жеткізіп, құттықтауыңызды әсем әндермен әрлеп береді. Жұма және сенбі күндері кешкісін тыңдармандарға ZHULDYZ DANCE бағдарламасы ұсынылады. Сағат 20:00 мен 22:00 аралығында эфирде диджей сеттері, түрлі мэшаптар, қазақ эстрадасының заманауи әрлеуден өткен хит әндері шырқалады.

Серіктестік материал

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!