- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "10 жылдық жалақы...
"10 жылдық жалақы мен пәтер". Кеніште қаза тапқандардың отбасына қандай көмек берілетіні айтылды
"АрселорМиттал Теміртаудағы" апаттан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі айтты.
"Қаза болған кеншілердің отбасына материалдық көмек толық көрсетіледі. Оның ішінде, 10 жылдық жалақы төленеді және қосымша әрбір отбасына пәтер берілетін болады. Әкімшілік жағынан психологиялық, медициналық көмек толығымен көрсетіліп жатыр. Бүгінде жағдай осындай", - дейді облыс әкімі ӨКҚ брифингінде.
"АрселорМиттал Теміртаудағы" апат: қаза тапқандар тізімі жарияланды
Еске салайық, бүгін "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина