10 жылдан аса уақыт бойы іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған шетелдік азаматты экстрадициялады.
Тергеу барысында күдікті 2014 жылы адамдармен алдын ала сөз байласып, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсетемін деген сылтаумен қазақстандық кәсіпкерден 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатты алдап алғаны анықталған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылы қыркүйекте ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!