- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 10 жыл бұрын...
10 жыл бұрын ұрланған телефон иесіне қайтарылды
СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылғы телефон ұрлығын ашты. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйел адам отырған жерінен сол кездегі танымал Samsung Galaxy S III Mini телефонын таппай қалған. Қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмаған.
Дегенмен 10 жылдан кейін тәртіп сақшылары жаңа мән-жайды анықтаған. Күдікті - 27 жастағы тұрғын. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін иемденгенін айтқан. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды.
"Қылмыстық іс жүргізу уақыт өтуіне байланысты тоқтатылды. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды", - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова