"10 жыл беруі керек". Салтанат Нүкенованың әкесі Байжановқа қатысты сот үкімімен келіспейтінін айтты

Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімімен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Екі дүниеде де кешірім жоқ. Бұл қылмыскерге кешірім жоқ. Ал енді бүгін Бишімбаевқа берген 24 жыл, біз оны қабылдаймыз, бірақ Байжановқа берген 4 жылды бізді қабылдамаймыз. Негізінде жартысын оған да беруі керек, бір 10 жыл", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың 24 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов адвокаттарға, прокурорларға және сотқа алғыс айтты.
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!