- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 10 жастағы бала...
10 жастағы бала Тоқаевқа қыш құмыра қалай жасалатынын айтты
10 жастағы Аңсар Тұрсынғали бауыры Ахмедиярмен бірге қыш өнері үйірмесіне қызыға қатысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Астана қаласындағы "SANA" оқушылар сарайын аралады. Ал кішкентай балақай құмыраның жасалу процесі туралы әңгімеледі.
"Сәлеметсіздер ме! Менің атым - Тұрсынғали Аңсар. Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Мысалы, мен дзюдоға, бассейнге, еңбек курсына және құмыраға қатысамын. Құмыраға қатысқаныма бір айдан асады. Құмыраны істеу үшін бірінші сазбалшықты 10-15 минут мыждым. Екінші інім сияқты станокка отырып, құмыраның формасын істедім. Сосын бір күн өткен соң далада қатады. Оны біз көрші кабинет жақтағы пешке саламыз, 900 градуста ысып, екі күн тұрады. Келесі сабақ оны бояп, кепкен соң үйге алып кете аламыз", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова