Биыл 10 айда Қазақстан Германияға 690 мың тонна мұнайды жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазТрансОйл" АҚ мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында Германияға 690 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданды.
"Шикізат "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова Застава" мұнай тапсыру бекетіне қарай тасымалданған. Нәтижесінде биыл 10 айда Германияға 690 мың тонна мұнай жеткізілді", - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Биыл қарашада "ҚазТрансОйл" Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда аталған компания Германияға 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын тасымалдауға өтінім жіберген. Бұл мұнай транзиті Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісімнің аясында іске асырылады.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз