10, 11 мамырда Алматы мен Астанада мерекеге орай қайда баруға болады?

10, 11 мамырда Алматы мен Астанада мерекеге орай қайда баруға болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы мен Астанада 10, 11 мамырда Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы бойынша

Жеңіс әндері 10 және 11 мамыр күндері де 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ашық аспан астында шырқала береді.

10 мамырда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Даңқ ескерткішінің жанындағы сахнада "Сазген сазы" ансамблі ұлттық күйлермен, "Арқайым" этно-тобы, МузАрт Life ұжымы, "Жеті ғажайып" театры, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Ғарифа Игісінова, Еркеш Хасенов, Қазыбек Әдікей, Ақылбек Жеменей, Өктем Алтаев, Дәлел Уәшев және Индира Елемес өнер көрсетеді.

11 мамырда сағат 12:00-де "Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмайды!" атты концертпен мерекелік бағдарлама жалғасады. Сахнаға халық аспаптар ансамблі "Сазген сазы", сондай-ақ, Саят Нұрғазин, Бауыржан Мусин және Жеңіс Ержанов шығады. Сағат 13:00-де "Асыл" тобы өнер көрсетеді, ал "Алматы әуендері" әртістері Талғат Күзембаев, Дәурен Байборы, Эрик Төленов, Тахмина Әшімбекова және Қазыбек Әдікей соңғы болып өнер көрсетеді.

Астана бойынша

10 мамырда сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.

10 мамырда сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы Бауыржан" сахналанады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget