Қызылорда облысының Арал ауданында тұратын кәсіпкер Жансерік Нысанбаев балықшылар сұранысын дөп басқан. Ол шығарған қайық 1 тоннаға дейінгі жүкті көтереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тапсырыс негізінен Балқаш, Қапшағай, Каспий жұртшылығынан көптеп түседі екен.
"Бұрын цехта тек теңіз мұзы еріген кезде жұмыс қызатын. Қазір бір тынбаймыз. Өйткені шаруаның тең жартысын автоматты құрылғы атқарады", - дейді кәсіпкер.
Бір қайықты үш күнде дайындап бітіреді екен. Бағасы 450 мың теңгеден басталады. Бүгінде кәсіпорында 10 шақты жұмысшы "Қазақстанда жасалған" брендін қалыптастыруға атсалысып жүр.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!