Енді министрліктің сайтында оқулықтардың электронды нұсқалары жарияланатын болады, - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
«Осы уақыттан бастап әр мұғалім, ата-ана немесе оқушы үшін электронды оқу ресурстары қолжетімді болады және оларды кез-келген уақытта қолдануға мүмкіндік бар», - деді министрлікте.
Оқулықтардың электронды нұсқаларын еліміздің барлық бірінші сынып оқушыларына кітаптар шығарған қазақстандық баспалар ұсынған.
Оқу материалын интерактивті түрде ұсынудың заманауи тәсілдері кез-келген жастағы оқушы үшін сабақты қызықты әрі еліктіргіш етуге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды пайдалану қазақстандық білім беру жүйесін тек жаңа технологиялық бағытқа ғана сәйкестендіріп қоймай, сонымен қатар, оқушылардың бағдарламаға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Еске сала кетейік, 2016/2017 оқу жылынан бастап республиканың орта білім беру жүйесінде оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу жұмыстары бастау алған. Бірінші сынып оқушыларына жаңа оқу бағдарламалары бойынша әзірленген оқулықтар таратылды.