1 шілдеден бастап "Семей орманы" орман шаруашылығының қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді.
Оның айтуынша, жалпы аудан бойынша төрт жыл ішінде қаржыландыруды ұлғайту жоспарда бар. Бұл қаражат арнайы техникаларды жаңартуға және өртті ерте анықтау жүйесін орнатуға жұмсалады.
"Үкіметтің бүгінгі отырысында орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Біз орманшылардың барлық қажеттілігі бойынша жағдайды талдап, қосымша қаржы сұраймыз", - дейді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!