1 шілдеден бастап Жаңа Конституция, бірқатар заң күшіне енді. Massaget.kz тілшісі маңызды өзгерістерге шолу жасады.
1 шілдеден бастап Жаңа Конституция күшіне енді. Осылайша бұрынғы заң өз күшін жойды. Жаңа Конституция мәтіні наурызда ресми түрде жарияланды.
Басты өзгерістердің бірі - қос палаталы Парламенттен Құрылтайға көшу. Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттігі тоқтады. Құрылтай депутаттарын сайлау тамызға жоспарланған.
Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Оны Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Вице-президент Парламентте, халықаралық іс-шараларда Мемлекет басшысының атынан өкілдік ете алады және Президенттің басқа да тапсырмаларын орындайды.
Тағы бір жаңа институт Халық кеңесі болмақ. Ол жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады. Кеңес мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналуға тиіс. Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, жаңа Конституцияның 95-бабына сәйкес құжат күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде мына лауазымды тұлғалар тағайындалуға тиіс:
1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді. Шілдеден бастап банктер клиенттердің төлем қабілетін қатаң бағаламақ. Яғни жаңа көрсеткіштер - борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) мен қарыздың табысқа арақатынасы коэффициенті (ҚТК) енгізіледі.
БЖК азаматтар өз табысының қанша бөлігін несие мен басқа да міндетті төлемге жұмсап жатқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, жаңа несие алу мүмкіндігі соғұрлым төмендейді.
ҚТК адам жаңа несиені төлеп-төлей алмайтынын бағалауға мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтқанда, банктер адамның табысының қанша бөлігі қарыздарды өтеуге кетіп жатқанын және жаңа несиені төлеуге шамасы жетіп-жетпейтінін тексереді. Негізгі өзгерістердің бірі - ресми табысқа басымдық беру. Банктер мынадай дерекке сүйенеді: зейнетақы аударымдары; міндетті медициналық сақтандыру жүйесі.
Адамның тұрақты әрі расталған табысы болса, несие алу мүмкіндігі жоғары болады.
1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокат ресми түрде көлік ретінде танылады. Жаңа ереже бойынша:
19 шілдеде Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR код іске қосылады. Ол клиенттерге сатушыда қай банктің QR коды тұрғанына қарамастан, өз банкінің қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Қазір сауда нүктелерінде көбіне бірнеше банктің QR коды қатар тұрады.
10 шілдеде негізгі ҰБТ аяқталады. Түлектер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, білім беру гранты конкурсына қатысу үшін ең жоғары нәтижені таңдай алады.
Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет. Құқық, педагогика және медицина секілді бағыттар бойынша бөлек жоғары шекті балдар белгіленген.
13-20 шілде аралығында талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініш бере алады.
Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Мереке ел астанасы Алматыдан Астанаға көшірілуіне орай бекітілген және ресми мемлекеттік мерекелер қатарына жатады.
2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан азаматтарды ұзақ демалыс күтіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:
Осылайша, қатарынан үш күн демалыс болады.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:
Айта кетейік, биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтін азаматтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары үшін 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!