- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 шілдеден бастап...
1 шілдеден бастап интернет қымбаттайды: монополияға қарсы комитет не дейді?
Жақында "Қазақтелеком" компаниясы біршама тарифтердің қымбаттайтынын мәлімдеді. Tengrinews.kz тілшісі монополияға қарсы ведомстводан байланыс операторына қатысты тексеруге негіздің бар-жоғын анықтап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 мамырда "Қазақтелеком" мұрағаттық тарифтер желісінің 51 тарифтік жоспарына тарифтердің көтерілетіні туралы хабарлады. Қандай пакеттердің бағасы көтерілетінін мына сілтеме арқылы көруге болады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Tengrinews.kz редакциясына берген ресми жауабында Қазақстандағы байланыс операторлары тарифтердің бағасын шығынды негіздеу арқылы дербес белгілеуге құқылы екені жазылған.
"Нарық субъектісінің бағаны көтеруінің негізділігін тергеу нәтижелері бойынша ғана белгілеуге болады. Тергеуді бастау үшін монополияға қарсы органға Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу туралы мәліметтердің түсуі негіз болып табылады", - деп түсіндірді БҚДА.
Осылайша, БҚДА тексеріс жүргізуге шағым да, негіз де жоқ екенін түсіндірді.
"Бүгінде агенттікке бағаны дәйексіз көтеруге қатысты акционерлік қоғамның ("Қазақтелеком" - прим) іс-әрекеттерімен заңнаманы бұзғаны туралы қандай да бір мәлімет түскен жоқ", - деп толықтырды монополияға қарсы ведомствода.
Сонымен қатар, ведомство негізсіз өсу фактілерін анықтау үшін баға, оның ішінде байланыс нарығы да үнемі бақыланатынын қосты. Алайда, "Қазақтелеком" компаниясы тарифтерді 1 шілдеден бастап көтереді, ал "баға мониторингі келмеген кезеңде жүргізілмейді".
Айта кетейік, республика заңы бойынша байланыс операторлары монополияға қарсы компанияларға бағаның жоспарланып отырған өсуі туралы хабарлауға міндетті емес. Байланыс саласындағы қолданыстағы заңнама операторларды бір ай ішінде тек абоненттерге хабарлауға міндеттейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә