2025 жылғы 1 шілдеден бастап екінші деңгейлі барлық банк, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның Даму банкі және Қазпошта Қазақстан азаматтары мен резидент емес тұлғалардың банк шоттары мен салымдары туралы Ұлттық банкке есептілік беруге міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тек депозиттер ғана емес, барлық банк шоты есепке алынбақ:
Есептер 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады - шот ашылғанда, клиент деректері өзгергенде немесе жаңа келісімшарт жасалғанда.
Кешенді есепке мыналар кіреді:
Құжатта көрсетілгендей, шот иесімен депозиттік ұйым арасындағы барлық қарым-қатынас көрсетілуі тиіс, оның ішінде келісімшарт шарттарының кез келген өзгерістері де қамтылады.
Жеке тұлғаның ЖСН-і орнына есептілікте ДИН (деперсонализацияланған идентификациялық нөмір) қолданылады - бұл шифрланған код, оны үшінші тұлғалар қайта ЖСН-ге ашып оқи алмайды.
ДИН әр банк өз алгоритмі бойынша жасайды және ол:
Егер шот иесінде ЖСН немесе БСН болмаса, АИН (альтернативті идентификациялық нөмір) пайдаланылады.
Алайда, шифрланғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша - соның ішінде Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Депозиттерге кепілдік беру қоры - банк бұл мәліметтердің шифрын қорғалған байланыс арналары арқылы беруі тиіс. Бұл жалпы есеп жүйесін айналып өтетін бөлек тәртіппен жүзеге асырылады.
Иә. Егер банк есептілікте қате жіберсе, 2025 жылдың аяғына дейін - бірақ есепті тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір айдан кешіктірмей - түзету енгізе алады. Бұл үшін Ұлттық банкке арнайы хабарлама жіберу қажет.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз