Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының саны 18 миллионға жететінін мәлімдеді.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Елбасы "1991 жылы Тәуелсіздігіміз жайлы жариялаған кезде қазақтар Қазақстан халқының тек 40 пайыз үлесін құраған еді. Мен сайланғанда қанша пайыз дауыс жинаймыз ойлауға қорықтық. Қазір қазақтардың үлесі 70 пайыздан асады",– деді.
"Құдайға шүкір, осы жылдары біз Қазақстан халқының санын сақтап қалдық. Жыл сайын елімізде 400 мыңнан аса бала дүниеге келеді. Мен 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллион болатынын мәлімдеймін",– деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Астанада 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Онда әлемнің 39 елінен келген 800-ден аса делегат пен қонақ қатысып жатыр.