Сәуірден бастап Қазақстанда бірқатар жаңа ереже күшіне енеді. Көктемнің екінші айынан бастап елде мобильді аударым, тариф, азық-түлік бағасы және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мобильді аударымдар бақылауға алынады
Банктер мобильді аударымдар туралы алғашқы деректі салық органдарына жібереді. Азаматтар салық бақылауына үш шарт қатар орындалған жағдайда ілігеді. Бұл дегеніміз - бір адамға 100 және одан көп тұлғадан ақша түсуі, бұл аударымдар үш ай қатарынан жалғасуы және жалпы сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асуы. Алайда бұл шот бірден бұғатталады деген сөз емес.
Шектеу тек ескерту талаптары орындалмаған жағдайда енгізіледі. Аударымдар жеке мақсатта жасалса, азамат мұны растай алады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Мораторий аяқталады
1 сәуірден бастап АИ-92 бензині, дизель отыны бағасын және коммуналдық тарифті өсіруге қойылған мораторий өз күшін жояды. Үкімет екінші тоқсанда баға өсімі теңгерімді болады деп болжап отыр.
ЖИ
Азық-түлікке ең төменгі баға енгізіледі
1 сәуір мен 30 маусым аралығында бірқатар өнімге ең төменгі баға белгіленеді. Олардың қатарында сүзбе, балқытылған ірімшік, жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, алма, ұн, күнбағыс майы бар. Баға тоқсан сайын қайта қаралады. Бұл шара нарықты тұрақтандыруға бағытталған.
depositphotos.com
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру
Сәуірден бастап жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кетсе де онлайн ауыстыруға болады. Бұл жағдайда міндетті түрде медициналық тексерістен өту қажет.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Мемлекеттік қызметке іріктеу талабы өзгереді
Әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылдау толық цифрлық форматқа көшеді. Іріктеу мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін қысқарады. Үздік бес үміткер келесі кезеңге өтеді. Басшылық қызметтерге эссе мен сұхбат енгізілсе, орындаушы лауазымдарға практикалық тапсырмалар мен психометриялық тест қарастырылған.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Сәуірде Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?
Биыл сәуір ұзақ демалыссыз өтеді. Бұл айда бірде-бір мемлекеттік мереке болмағандықтан, ел азаматтары тек сенбі және жексенбі күндері демалады.
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 күн демалыс және 22 жұмыс күні болады;
- алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 күн демалыс және 26 жұмыс күні болады.
depositphotos.com
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова