Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы деректі жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Статистикалық ақпаратқа сүйенсек, 1 сәуірдегі дерек бойынша елде 20 333 530 адам тұрады.
4,5 миллионға жуық қазақстандық Алматы қаласында (2 305 765 адам) және Түркістан облысында (2 154 308 адам) тұрады.
1,5 миллион адам Алматы облысы (1 568 757) мен Астанада (1 551 213) тұрады. Елорда халық саны өсімінің ең жоғары қарқынын сақтап отыр: 1,47 пайыз.
Шымкентте (1 264 492 адам), Жамбыл (1 221 100 адам) және Қарағанды (1 133 436 адам) облыстарында миллионнан аса қазақстандық тұрады.
Қазақстанның 12 833 140 тұрғыны қалаларда, 7 500 390 тұрғыны ауылдарда тұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова