Киім сату маманы Жансая Махабаева танымал блогер Эльмира Төлегенованың образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның есебінше, жалпы сома - 30 миллион 750 мың теңгеге шыққан.
"Жакет 35 мың теңге, сөмкесі Yves Saint Laurent брендінен 950 мың теңге. Аяқкиімі әйгілі Loro Piano брендінен 850 мың теңге", - дейді Жансая Махабаева.
Маманның айтуынша, ең қызығы - әшекейлері. Алқасы 1 миллион 500 мың теңге. Блогердің әшекейлерінің жалпы сомасы 27 миллион 400 мың теңге.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!