Ұлттық статистика бюросы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығындағы ел халқының саны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 наурыздағы статистика бойынша Қазақстанда 20 075 271 адам тұрады. Жыл басынан бері қазақстандықтардың саны 41 725 адамға өсті.
Халықтың ең көбі Алматыда (2 241 044 адам), Түркістан (2 143 554 адам) және Алматы 1 535 437 адам) облыстарында тұрады.
Қазақстандағы тұрғын саны миллионнан асатын өңірлердің қатарына Астана (1 444 697 адам), Шымкент (1 229 410 адам), Жамбыл (1 222 478 адам) және Қарағанды (1 135 058 адам) облыстары да кіреді.
Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 451 004 адам) – қала тұрғындары. Ауылдық жерлерде 7 582 542 қазақстандық тұрады.
Еске салайық, ақпан айындағы статистика бойынша Қазақстанда 20 053 665 адам тұрған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!