Биыл 1 наурызда елімізде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бағдарлама уақытында іске қосылатынын атап өтті.
"9-20-25" бағдарламасы іске қосылады. Ол республика бюджет және "Отбасы банк" есебінен қаржыландырылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы ( бұрынғы премьер-министр) айтқан мәселе пысықталды. Бағдарлама белгіленген мерзімде іске асырылады", - деді бірінші вице-премьер Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
БАҚ өкілі "Яғни бағдарлама биыл 1 наурыздан бастап іске қосылады деп ойлайсыз ба?" деп сұрағын нақтылады. Роман Скляр сауалға басын изеп, жауап берді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!