Блогер Мерей Абилова мен оның жолдасы Димаш Кашкен Aissaule Bakytbek-Kaidarova youtube-арнасына берген сұхбатында футбол клубынан алатын жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жалақы әр кезде әртүрлі болады.
"Жалақыны негізі айтуға болмайды, бірақ аз береді деп айта алмаймын. Айына 10, кейде 15, кейде 20 млн теңге беріледі. Жас футболшылардың ішінде 1 млн теңге алатындар бар", - деді ол.
Димаш Кашкен Қазақстандағы футболдың дамуына көңілі толмайтынын айтты.
"Қазақстанда футболдың даму деңгейі қиын. Сондықтан бірден шетелге шыққан дұрыс. Жыл өткен сайын Қазақстандағы футболдың деңгейі төмендеп барады. Қазақстандық, шетелдік футболистерге жағдай жасалмаған. Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі, бірақ ештеңе істемейді", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз