Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі тұрмысқа шықты. Ол той видеоларын Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы неке қидырып, шаңырақ көтерді. Бойжеткенге "сырға салу" рәсімі жасалып, бір күннен кейін сән-салтанатқа толы "ұзату той" жасалды, оған отандық шоу-бизнес жұлдыздары шақырылды. Тойда ағасы мен әкесі қалыңдыққа ән арнап, жұртты елжіретті.
Ал осы демалыста олардың үйлену тойы өтті. Блогердің айтуынша, торт құны - 1 миллион теңге. Тойға арналған тәтті ертегідегі сарайға ұқсайды.
"Өміріміз осы торт секілді тәтті болсын. 1 миллионның торты", - деп жазған блогер парақшасында.
"Міне, Х күнге де жеттік", - деп жазған блогер жазбасында.
Сондай-ақ, блогер арнайы Парижде түсірілген Lоve Story-ін бөлісті.
Ал бұл жазбасына Дина Төреәлі тойдағы қызық сәттерді көрсеткен.
"Сезім үшін", - деп қысқа қайырған ол.
Желі қолданушылар жұпқа бақыт тілеп, пікір қалдырған.
"Күшті! Осындай дүбірлі той жұғысты болсын", "Ұлы дала баласы қарындасының тойы Ұлы той болды ғой", "Қандай әдемі жұп?! Көз тимесін!", "Екеуі бір-бірін жақсы көретіні көрініп тұр", "Жандарым, екеуінің көзі жанып тұр. Алла көптің тілегін қабыл етіп, тек бақытты қылсын. Балапандарыңды көрейік", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Еске салайық, бұған дейін Желіде әнші Төреғали Төреәлінің әкесі қызының ұзату тойында ән айтып, жұртты елжіретікен видеосы тараған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!