- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "1 миллион теңге...
"1 миллион теңге ұтып алдыңыз, бірақ..." Астаналықтарды алдаған алаяқ ұсталды
Астанада тұрғындарды "ұтыс ойынынан 1 миллион теңге ұтып алдыңыз" деп алдап, ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Интернет-алаяқтықтың құрбаны болған елорда тұрғындары полицияға арызбен жүгінген. Тергеу барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы қызды анықтады.
Алаяқ Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунтта жарияланған ұтыс ойынына қатысқан жәбірленушілерге қоңырау шалып, олардың 1 млн теңге ұтып алғандығын хабарлаған. Бірақ оны алу үшін комиссия ретінде белгілі бір соманы төлеу керек деп алдаған.
Жәбірленушілер 15 600 теңге мен 18 400 теңге көлемінде ақшалай қаражат жіберген. Алайда іс жүзінде ешқандай ұтыс ойыны болмаған. Қазіргі уақытта қыз интернет-алаяқтықтың 30 фактісі бойынша күдікке ілінген. Аталған фактіге қатысты алаяқтық бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.
Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина