"1 миллион теңге". Тойдағы тағы бір торт қызу талқыға түсті

"1 миллион теңге". Тойдағы тағы бір торт қызу талқыға түсті
Фото: Instagram/aii_officiiall

Танымал блогер Әйгерім Абдуллаева ұзатылды. Ол тойына 1 миллион теңгенің тортына тапсырыс бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"1 миллион теңгенің торты. Шок болып тұрмын", - дейді блогер Stories-інде. 

Сондай-ақ, Әйгерім Абдуллаева ұзату тойы өзі қалағандай өткенін айтты.

"Кеше мені эстрада жұлдыздарының ең әдемі және көпшілігі сүйіп тындайтын әнші Мәдина Сәдуақасова ұзатты. Мен бақыттымын. Мен үшін ұзату 100 пайыз күшті өтті, көңілім толды", - деп жазған блогер парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ai Abdlla (@aii_officiiall)

Желі қолданушылар блогерді жаңа қадамымен құттықтап, бақытты болуын тілеген. 

"Сен үшін сондай қуаныштымын! Бақытты болуға лайықсың", "Ең әдемі қазақша көйлектерді осы тойдан көрдім","Бақытты бол, Ай қыз", "Мен неге жылап отырмын десеңіздерші. Бақытты болыңыз", "Сөз жоқ, күшті болды. Маған да осындай ұзату нәсіп етсін", - деп жазған блогердің оқырмандары. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Төрғали Төреәлінің қарындасы да үйлену тойына арнайы 1 миллионның торты  жасалғанын айтқан болатын. 
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек