- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 миллиард теңгеге...
1 миллиард теңгеге трансформатор: Көкшетауда әкімдікке қарасты бөлім қаржыны негізсіз жұмсамақ болған
Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі 1 миллиард теңгеден аса қаржыны негізсіз жұмсағаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көкшетау қалалық прокуратурасының мәліметінше, жергілікті атқарушы орган қосалқы трансформатор стансасын аса жоғары құнмен әрі нарықты тиісті түрде талдамастан 1 миллиард теңге бюджет ақшасына сатып алмақ болған.
"Прокуратуралық қадағалау актісі бойынша 1 миллиард теңгеден аса бюджет қаржысын негізсіз шығынға жіберуге тоқтау салынды. Қаражат басқа әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жолданды. Кінәлі тұлғалар заңда бекітілген жауапкершілікке тартылды", - деді Ақмола облыстық проркуратурасының баспасөз хатшысы Меруерт Байболова.
Қазір бұл дерек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Абзал Алпысбайұлы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы